Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаров ата-анасы өзімен байланыстырмай қойған қойшы баласы үшін жылағанын айтты

Марат Омаров осыдан 5 жыл бұрын ауылдың талантты жігітін шетелде оқытпақ болған екен. Алайда баланың ата-анасы ән айтуына қарсы болып, Марат мырзамен байланысқа шығуына кедергі жасаған. Әнші осы жағдайды еске алып, талантты жандарға әлі де көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

ac91ebcce6bc7cfeac3a3ea0f0720822

Фото: Men Qazaqpyn

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Әрқашан жанымызда жақсы адамның болғанын қалаймыз. Ортаға көп нәрсе байланысты. Ортаң жақсы болса, өзің де биікте боласың. Бүгін бір өкінішті жағдай есіме түсіп отыр. Әлі де үмітім бар. Біраз жыл бұрын «Балдаурен» байқауында әділқазылар қатарында отырдым. Сол байқауда жеңісті көлденеңнен келген шалғай ауылдың баласы алып кетті. Ол – қойшының жалғыз баласы Қазыбек Құрайышев деген інішек еді. Тума талант. Қазыбек ұлттық құндылықты сақтап, ұлттық киіммен, қолындағы қамшымен «Ақсиса» әнін  айтып, бәрімізді таңқалдырды. Италиядан келген әділқазы сонда маған ұсыныс жасады.

«Мына бала – даланың қазағы. Италияға апарсақ, біраз жетістікке жетеді» деді. Мен Қазыбекті Астанаға шақыртып, біраз аралаттым. Содан балаға «Дайындал, Италияға оқуға барасың!» дедім. Грантқа тегін оқытатын болдық. Ол үйіне кетті. Сол кеткеннен хабарсыз. Ауылға қоңырау шалып, іздедік. Кейін Қазыбектің әнші болуына ата-анасы қарсы екенін естідім. 5 жылдан кейін Қазбектің өзі келді. Оның айтуынша, ата-анасы ән айтқызбай қойған. Ауылшаруашылық мамандығымен оқу бітірген. Бірақ, өнер адамдарына қарап, сахнаға шыққысы келетінін айтты. Екеуіміз де жыладық. Өмірде кездесетін осындай жағдайлар да болады. Сол кездегі сәттер әлі де есімнен кетпейді. Қазыбек келетін болса, қазір Италияға апарып, оқытуға дайынмын”, – дейді Марат Омаров.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Өмірден шаршаған бойжеткен тезірек тұрмысқа шығуды армандап жүр

23 жастағы бойжеткен омырауының “жоқтығынан” қысылатынын айтып қынжылды

Намазхан жігіттің әйелі барша көңілдеске өтініш айтты

Жүрегіне шұғыл донор іздеген келіншек 2 қызы үшін өмір сүргісі келетінін айтып жылады

Талқылау