Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіт өзін іздемейтін келіншегіне ренжіп жүр

32 жастағы екі баланың әкесі өзін іздемейтін келіншегіне ренжіп жүр. Сүйіктісі бірінші баласын босанғаннан кейін қатты өзгеріп кеткен екен. Осы өзгерістің себебін түсіне алмаған жігіт мамандардан көмек сұрады.

bigstock-Quarrel-80953301

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Екеуіміз 22 жасымызда сүйіп қосылдық. Қазір құрылыс компаниясында жұмыс істеймін. Құдайға шүкір, достарым өте көп. Жұмыстан шыққан соң барлығымыз мейрамхана және т.б. жерлерге барып көңіл көтереміз. Үйге анда-санда ғана асығамын, былайынша достарыммен қызығырақ. Ал үйдегі әйел қайда кетеді? Жалпы келіншегім мені мүлдем мазаламайды. Бірінші баламызды босанғалы осындай қалыпқа түсіп кетті. Кейде “Маған қоңырау шалып тұрсаңшы. Менің амандығымды біліп тұрсаңшы” деп айтамын. “Қайда барасың, үйге қайтып келесің ғой” деп жауап қайтарады. Арамыздың қатты алшақтап кеткенін сезініп жүрмін.

Бастапқыда депрессияның салдары шығар деп түсіністікпен қарадым. Бірақ, екінші баламыз дүниеге келген соң өзіне қарауды қойды. Үйден тамақ ішуден қалдық. Көңіл-күйі үнемі бола бермейді деп айта алмаймын. “Құрбыларыңмен қыдыр. Сұлулық салонына бар” деп ақша беремін. Қыз күніндегідей өмірге деген ерекше құштарлық жоқ. Әдетте үйге балалар ұйықтап жатқан кезде келемін. Маған “Тамағың дайын тұр” деп айтады да, өзі кетіп қалады. Кейін бірге тамақ ішіп отыратын боламыз деп армандайтынмын. Бір шетінен алғашқы үш жылда керемет бақытты болғанымыз рас. Айтпақшы, аяғы ауыр болған кезде мен жұмысқа шығуға тыйым салған болатынмын. Осы жерде үлкен қателік жіберген сияқтымын”, – дейді Айтжан Әбдікәрімов.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

28 жастағы қазақстандық келіншек күйеуінің көңілдестерінен әбден мезі болғанын айтты

Марат Омаров ата-анасы өзімен байланыстырмай қойған қойшы баласы үшін жылағанын айтты

Өмірден шаршаған бойжеткен тезірек тұрмысқа шығуды армандап жүр

23 жастағы бойжеткен омырауының “жоқтығынан” қысылатынын айтып қынжылды

Талқылау