Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің үстіне шкаф құлап, арқасын зақымдаған (видео)

Фото: Видеодан скрин

Атырау қаласындағы балабақшалардың бірінде үлкен шкаф балалардың үстіне құлаған. Салдарынан кішкентай бүлдіршін арқасынан соққы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 3 сәуір күні Kemel Kids балабақшасында болған. Шамамен 1,5 метрлік ауыр шкаф  балалардың үстіне құлаған.

Ата-аналардың айтуынша, жиһаз қабырғаға бекітілмеген. Оқиға кезінде бір бала қатты зардап шегіп, арқасынан соққы алған. Абырой болғанда, ауыр салдар тіркелмеген. Аталған жағдайға байланысты ата-аналар тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті. 


Шымкентте тәрбиеші бүлдіршіндерді ұйықтату үшін балабақшаға өзімен ине алып келген


Павлодарда үш баланың анасы балабақша тәрбиеленушілерін қорлады деп айыпталды


Ал Stan.kz тілшісі мән-жайды қалалық полиция департаментінен сұрап білді. Олар мектепке дейінгі мекемеде болған оқиға бойынша тексеріс жүргізіпті. 

“Жазатайым жағдай салдарынан бала жұмсақ тіндерінің соғылуы түріндегі дене жарақатын алған. Ол дәрігерлердің қарауынан өтіп, үй жағдайында ем қабылдауға жіберілген. Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп, түсініктемелер алды. Материалдар білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолданды”, – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі дейді. 

Полиция білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу керегін ескертті. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі балабақшада бүлдіршін қолын шығарып алғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 18:35