Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда үш баланың анасы балабақша тәрбиеленушілерін қорлады деп айыпталды

Фото: Freepik.com

Павлодарда сотта бұрынғы балабақша тәрбиешісі бір жарым жастан екі жасқа дейінгі төрт баланы азаптады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ата-аналар балабақшанға баратын балаларының денесі көгеріп, сырылғанын байқаған. Алайда тәрбиеші балалар бір-бірімен төбелесіп қалды деп жауап беретін.

Кейін ата-аналар бейнежазбаларды сұратты. Сөйтсе балалар бір-бірімен төбелескен жоқ, оларды мұғалім шаштарынан тартып, еденге лақтырып, беті мен басынан ұрған. Балалардың төртеуі қатты зардап шекті. Полиция мұны азаптау деп санады.

Балабақша тәрбиешісінің қатыгез әрекеттерінен барлығы 16 бала зардап шекті. Сотталушыға кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін 14 айып тағылды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Прокурор мен балалардың ата-аналары бұрынғы тәрбиешіге толық бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті.

Сондай-ақ сотталушының үш баласы бар.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 16:44