Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 балаға 5 тәрбиеші: Ақтөбедегі балабақшада бүлдіршін қолын шығарып алған

Фото: Stan.kz 

Ақтөбедегі “Алақай” балабақшасында 3 жастағы баланың қолы шығып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға болған балабақшада тәрбиешілер жиі ауысады екен. 

Бүлдіршіннің анасы оқиғаның 11 ақпан күні болғанын хабарлады. Балабақша тәрбиешісі баласының қолы шығып кеткенін хабарлаған. 

“Ауруханаға апардық, сол жерде салып берді. Балабақшадан бейнебақылау  камерасын көрсетуді сұрағанда істемей тұрғанын айтты. Наурызда балам 3 жасқа толады. Бұл балабақшаға 1 жас 8 айынан барып жүр”, – деді ата-ана Айнагүл Досалина.

“Алақай” балабақшасының ата-аналары тәрбиешілердің аздығына да шағымданды. “Тәрбиеші жиі ауысады, тұрақтамайды. Танысып үлгермей “денсаулығына байланысты кетті” деп бірнеше тәрбиеші ауысқанын айтты. 


Суықта жылап, үйге қайта алмаған: Ұлытауда екі кішкентай қыз балабақшадан шығып кеткен

Астанадағы балабақшада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан (видео)


Мекемедегі кадр тапшылығын балабақша меңгерушісі де растады. Өзінің де тәрбиеші болып отырғанын жоққа шығармады. 

“Негізі 8 тәрбиеші болуы тиіс. Қазір тек 5 тәрбиеші жұмыс істеп жатыр. “Құлыншақ” тобында бір ғана тәрбиеші түске дейін қарайды, түстен кейін балаларды мен өзім қараймын”, – дейді балабақша меңгерушісі Гүлзат Түзелбаева. 

Балабақша меңгерушісінің айтуынша, қолы шыққан бала ешкімнің күштеп тартуынан емес, ойнап жүріп құлаған. Ал ата-анасы шағым жазбаған.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 100 бала тәрбиелейтін балабақшада 4 топ бар. Онда 8 тәрбиеші болуы керек.

Ал полиция баланың қолы шығу оқиғасы бойынша шағым түспегенін хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте тәрбиеші бүлдіршіндерді ұйықтату үшін балабақшаға өзімен ине алып келгені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Ақпан, 2026 20:02