Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты
Атырауда 17 жастағы жасөспірім облыс орталығында ірі ұрлық әрекеттерімен айналысқан. Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Жедел-іздестіру шараларының арқасында күдіктінің тұлғасы анықталған. Оның 28 мамыр күні Жұмыскер-2 ықшамауданындағы жеке үйге басып кіріп, сол жерден алтын әшекейлер мен 26 мың теңгені алып кеткені белгілі болды.
“Күдікті әрекетін мойындады. Одан бірнеше ұрланған ноутбуктар тәркіленді. Күдікті жеке үйдің аумағында бақылау камерасы тұрғанына қарамастан тонаушылықты жалғастыра берген”, – дейді баспасөз қызметі.
Оның сондай-ақ, тағы 11 қылмысқа қатысы бар екені анықталған.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте аурухана өртеніп, дәрігерлер мен науқастардың зәресін ұшырды
Төтенше жағдай: Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр (видео)
Таразда қыз баланы құтқарып қалған оқушының өзі ажал құшты
Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты