Таразда қыз баланы құтқарып қалған оқушының өзі ажал құшты

Таразда жазатайым оқиға жасөспірімнің өмірін жалмады. Тоқ ұрған қызды құтқарамын деген 8-сынып оқушысының өзі тоққа түсіп ажал құшты, деп хабарлайды КТК.

02

Оның қазасына жақындары Тараз электр желілері мекемесін айыптауда. Өйткені ондағылар үй іргесінен өтіп тұрған жоғары кернеулі электр сымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сондықтан оқушының жақындары кінәлілерді сотқа бермек.

Ішінен электр желілері өткен құбыр үстінде ойнап жүрген екі қыздың біреуі суға құлап кетеді. Ол өзін тоқ ұрғанын айтып, жанұшыра айғайлап, көмекке шақырған. Жақын маңда жүрген Бекзат Үмбеталиев, ойланбастан суға секіріп танысын сыртқа шығарады. Алайда сол мезетте каналдың ішінде тұрған жасөспірімнің өзін тоқ ұрып, есінен тандырған.

Ал ес-түссіз жатқан 14 жастағы баланы белгісіз азамат судан алып шыққан соң, туыстарына да хабар жетеді. Дереу келген жақындары талып жатқан жасөспірімнің денесін топырақпен көміп, оның бойындағы тоқты жерге сіңірмек болған. Бірақ бірнеше сағат өткенімен, еш нәтиже болмай, 8-сынып оқушысы жан тапсырды. Оның қазасына жақындары енді электр желісіне жауаптыларды айыптауда.

“Тоқ бар екенін біледі. Неге қарамайды? Не белгі жоқ.Жүгіріп барсам балам жатыр, бетін жауап тастаған. Енді не істеймін, балам-ай!”, – дейді Үмбетәлиевтің анасы Айнұр Үмбеталиева,

Мына темір құбырдың арасынан жоғары кернеулі электр сымдары жүргізілгенін ешкім білмеген болып шықты. Тоқ ұруына қарағанда, желінің тозығы жетуі мүмкін деп топшылайды тұрғындар.

“2003-тен бері осы жерде тұрамын. Тоқ тозған меніңше. 380 вольтті  неге орамайды. Міндетті түрде біреу өлу керек пе еді?”.

Ал қойылған сауалға жүре жауап берген Тараз қалалық электр желілері мекемесінің өкілдері оқиғаға қатысты тұшымды мәлімет бере алмады.

Ондағылар: “Экспертиза өтсін. Сосын белгілі болады”, – деді.

Марқұм Бекзат Үмбетәлиев құтқарған 8-сынып оқушысының қазіргі жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің мәліметінше, ол үйіне жіберілген. Сондай-ақ, бүгін біреудің өмірі үшін, өзін құрбан еткен оқушының мәйіті жер қойнына тапсырылды.

Тағы да оқыңыз:

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

Қазақстандықтардың банк карталарынан ақшалары жоғалып кетіп жатыр

Алматыда мейрамхана алдында сыпыртқы-қағазбен түсініксіз рәсім жасаған әйел елді шошытты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар