Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мейрамхана алдында сыпыртқы-қағазбен түсініксіз рәсім жасаған әйел елді шошытты (видео)

Алматыдағы мейрамхана алдында жасаған әйелдің ерсі қылығы желі қолданушыларын таңғалдырды.

photo_216413

“ВКонтакте”  желісінің “Я очевидец Алматы” тобында жарияланған роликтен әйел адам сыпыртқы мен қағаз алып ерекше рәсім жасап жатқаны көрінеді. Оқиға 26 мамыр күні таңертең болды. Lexus көлігінен түскен әйел жан жағына қарайлап алған соң қолындағы сыпыртқымен өзінің айналасын сыпыра бастады. Ол сыпырып жатырһп қағазға қарап әлдене оқып тұрғанға ұқсайды. Осылайша бірнеше рет айналып, көлігіне мініп кетіп қалды.

Ролик авторы мұның мейрамхана иелеріне қастандық жасау мақсатында жасалған қандай да бір рәсім екенін айтады. Желі қолданушылардың көпшілігі бұл ойды қостай кетті. Кейбірі оның психикалық түрде дені сау емес екенін айтып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Алаяқтар арзан несие береміз деп қазақстандықтарды алдап соғуда

Шетел азаматы тарауық намазынан соң ислам дінін қабылдады (видео)

Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты көшеге шықпауға шақырды

Талқылау