Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетел азаматы тарауық намазынан соң ислам дінін қабылдады (видео)

Желіде шетел азаматының тарауық намазынан соң ислам дінін қабылдаған сәті жарияланды.

1478197171r5jjk_1000x768

“Бүгінгі тарауықтан соң болған жағдай. Дэвид есімді жігіт ислам дінін қабылдады. Ақиқат дінге күйе жағушылар көбейгенмен, оған келушілер саны еселеп артуда. Күнді алақанмен көлегейлеп, өз бетіңе көлеңке түсіруге болар, бірақ оның жаһанға шашқан нұрын тоқтата алмайсың”, – деп жазады желі қолданушысы, журналист Мұрат Есжан.

Мұны естігендер  ризашылықтарын білдіріп, мақтауларын айтып жатыр. Олардың кейбірі  Дэвид есімінің де арабтың Дәуіт сөзінің мағынасы екенін, оның пайғамбардың аты екенін айтып өтті.

Видеода Дэвидтің кәлиманы айтып, иман келтірген сәті түсірілген.

Тағы да оқыңыз:

Ислам дінін қабылдап, қазақша өлең жазатын орыс жігіті өзінің табысқа жету құпиясымен бөлісті

Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?

Рамазан айында қандай адамдардың тілегі қабыл болмайды?

 

Талқылау