АТР: Синнер рейтинг көшбасшысы, Бублик үздік жиырмалықта қалды
Фото: Roland Garros
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) US Open 2025 турнирі қарсаңында жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биылғы маусмымның соңғы "Үлкен дулыға" жарысы Нью-Йоркте басталды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте 24-орыннан қозғалмады. Ерлер арасындағы үздік ондықта да өзгеріс болған жоқ. Көшбасшы орнын италиялық Янник Синнер сақтап қалды. Одан кейін испандық Карлос Алькарас пен неміс Александр Зверев орналасқан.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, 91-орынға түсті. Ол US Open турнирінің алғашқы ойынында ірі есеппен жеңіліп қалды.
Ал Бублик АҚШ ашық біріншілігіндегі алғашқы матчын 26 тамыз күні өткізеді. Бірінші айналымда ол хорват Марин Чиличпен кездеседі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

