Атышулы рэпер P. Diddy түрмеден ауруханаға жеткізілді
P. Diddy деген лақап атпен танымал америкалық рэпер Шон Комбс өткен аптада Бруклиндегі федералдық тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
New York Post басылымына ақпарат берген дереккөздің мәліметінше, бейсенбі күні кешкі сағат 22:00 шамасында Шон Комбс магниттік-резонанстық томографиядан (МРТ) өту үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
55 жастағы рэпер инвазивті емес тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін Нью-Йорк марафонына қатысқаннан кейін оны ұзақ уақыт бойы тізе ауыруы мазалаған. Соған байланысты P. Diddy-ге ауруханаға баруға рұқсат етілді.
Дереккөздің мәліметінше, түрмедегі тұтқындар мен қызметкерлердің арасында қауесет пен алыпсатарлық болмас үшін рэперді ауруханаға түнде жеткізген. Қажет тексеруден өткен соң рэпер ауруханаға түнеместен қайтадан түрмеге оралды.
“Құпия және қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тұтқынды қамауда ұстау жағдайлары, оның ішінде медициналық жағдай немесе медициналық тексеруге бару туралы түсініктеме бермейміз”, – деп мәлімдеді федералды түрме бюросының өкілі.
Шон Комбстың тарапы мен оның адвокаттары болған жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Қазір 55 жастағы P. Diddy Бруклиндегі тергеу изоляторында сотты күтіп жатыр. Бірақ ол өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарады. Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған.