Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында жоғалып кеткен жеткіншектің денесі табылды

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

марқұм

"11 маусымда 01:56 Атырау қаласы, Еркінқала-2 кентінде 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол 10 маусым күні сағат 18:00-де велосипедпен кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Сол күні таңертең кинологиялық есеппен Орал өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды", - делінген ресми хабарламада.

Сағат 8:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бес қызметкері, бір бірлік техника, бір кинологиялық есеп және бір жүзу құралының көмегімен суға кеткен баланың денесі өзеннен табылды. 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 11 Маусым, 2020 12:30
Талқылау