AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық үш паралимпиадашыға пәтер мен автокөлік табысталды

Атырауда Токиода өткен Паралимпиадада медаль иеленген спортшыларға пәтер мен автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиода өткен 16-шы жазғы паралимпиадаға қатысқан жерлестерді марапаттады.

"Сіздер Қазақстанның параспорты дамуының жаңа дәуірі басталғанын көрсеттіңіз. Бұл – қажырлы еңбек пен биік намыстың, өршіл руһтың жеңісі. Ержан Сәлімгерев пен Нұрлан Домбаевтың алғашқы қатысқан паралимпиадасынан 5-6-шы орын алуының өзі — айтулы жетістік! Әрбір атыраулық параспортшы алтын медальға лайық өнер көрсетті. Сіздердің әрқайсыңыз жеңімпазсыздар!", – деді Досмұхамбетов.

Ел абыройын асқақтатқан жүлдегерлердің әрқайсысына екі бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті табысталды. Сондай-ақ парадзюдодан Қазақстанның бас бапкері Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, ал жарыс қатысушыларына 1 миллион теңгенің сертификаттары берілді.

Еске салсақ, жерлестеріміз елге оралғанда Атырау облыс әкімдігі әр спортшыға 1 миллион теңге берген болатын.

Ел құрамасы сапындағы сегіз атыраулық спортшының 3-уі ел қоржынына күміс жүлде салған еді.



Олар парадзюдошылар: Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина. Ал Аманжол Жанбота осы спорт түрінен 5-ші орын, Нұрлан Домбаев паратаеквондодан 5-ші орын, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орын иеленді.

Айта кетсек, Токиодағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бес медаль иеленді. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр