Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы мектепте 9-сынып оқушысы 12 жастағы қызды жарақаттады (видео)

Видеодан скрин

Атыраудағы мектепте 9-сынып оқушысы 12 жастағы қызды жарақаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы оқу орнының дәлізінде 12 жасар оқушы қызға үшкір затпен шабуыл жасаған. Желіде тараған ақпаратта қыздың бірнеше жерінен жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені айтылған. 

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Қазір полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында. 

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Наурыз, 2026 20:47