Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған мәдени шараға 8000-ға жуық көрермен жиналды

Ұлт руханиятының көрнекті өкілі, Мемлекеттік Әнұранның авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай Атырауда кең көлемді мәдени шара өтуде.

Шараға жиналған атыраулықтар еліміздің көк туы мен ақынның бейнесі бейнеленген ерекше мозайканы тамашалап, жергілікті және эстрада жұлдыздарының орындауындағы әсерлі әндерді тыңдауда.

Эстрада жұлдыздарының қатарында Айгүл Үлкенбаева, Нұрлан мен Мұрат, Бейбіт Кушкалиев, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Қорған, “Заман” тобы және өзге де өнер жұлдыздары бар.

“Мұнайшы” стадионына жиналған халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Бұл — ұлт руханиятының ұлы тұлғасына деген құрмет пен елдік бірліктің айқын көрінісі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген