Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда тұрғын үйінде балық сақтағаны үшін сотталды

Атырауда үйінде 90 келіге жуық бекіре балығы мен 146 грамм уылдырығын сақтаған тұрғын 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс Атыраудың №2 қалалық сотында қаралды. 

"Сот 2024 жылғы 17 тамызда Атырау қаласындағы Қ.ж. үйінде жүргізілген тінту барысында өз үйінде заңсыз сақтаған 90 келіге жуық бекіре балығы мен 146 грамм бекіре уылдырықты тәркіленгенін анықтады. Айыпталушының кінәсі тінту хаттамасымен, сот-биологиялық, сот-тауар сараптамасының қорытындыларымен дәлелденді",-деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айыптаушы тарап сотталушыдан бас бостандығынан айыруға байланысты жаза тағайындауды сұрады. Алайда айыпталушы мен оның қорғаушылары мұнымен келіспей, оны ақтауды сұрады.



"Сот үкімімен Қ. Ж. айыпты деп танылды. Оған өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен, сондай-ақ олардың бөліктерін пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қызметпен 5 жыл мерзімге дейін айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу оның 14 жасқа толған балаларының болуына байланысты дейін 3 жылға кейінге қалдырылды", – деп толықтырды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау