Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда терезеден секірмек болған бойжеткенді таяқ пен күректің көмегімен құтқарып қалды

Атырауда жоғары қабаттан секірмек болған қызды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды. Бойжеткенді таяқ пен күректің көмегімен құтқарды.

Атырауда терезеден секірмек болған бойжеткенді таяқ пен күректің көмегімен құтқарып қалды

Видеодан скриншот

Бойжеткен өзіне қол салмақ болып, 4-қабаттың терезесіне шығып алды. Видеодан екі полицей мен екі ер адамның бойжеткенді құтқаруға тырысқаны байқалады. Олар күрек пен ұзын таяқты пайдаланды. Ер адам астыңғы қабатта тұрып, таяқпен қызды кері итерді. Енді бірі жанындағы терезеге шығып, күрекпен итерді. Енді бірі терезеден кіріп, әрі қарай алып кетті.

Нәтижесінде бойжеткен терезеден ішке кері кірді. Бұл сәтте куәгерлер қол шапалақтап, риза болды.

Құтқарушының бірі Есенбай Кайыровтың айтуынша, ол сол күні жөндеу алаңындағы көлігіне барған. Бойжеткеннің терезе жақтауына шығып алғанын көріп, көмекке ұмтылады. 

Микаил Катаров дүкен қызметкері. Дүкен сол үйдің 1-қабатында орналасқан. Ол елдің шуын естіп, көмекке ұмтылған. Екі жігітке де алғыс хат табысталды. 

Талқылау