Атырауда мектеп ноутбуктеріне бөлінген қаражатты ұрлады деп айыпталған шенеунік жазадан құтылып кетті
Атырауда сот 194,2 миллион теңгені ысырап ету ісі бойынша Білім беру басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы мен ЖШС директорын ақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atpress басылымына сілтеме жасап.
Айыптау дерегі бойынша, шенеунік 2020 жылы қашықтан білім алуға ауысу кезінде өз лауазымын пайдаланып, ноутбук пен планшетке арналған бюджет қаржысын ұрлаған. ЖШС директоры облыстық білім беру басқармасымен жалған келісімшарт жасады деп айыпталды.
Прокурор айыпталушыларды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Зардап шегушінің өкілі айыпталушы кінәлі деп танылса, келтірілген залалды қайтаруды талап еткен. Айыпталушылар мен қорғаушылар тағылған айыппен келіспейтінін және ақтау үкімін шығаруды сұраған.
Сот екеуіне қатысты сараптама нәтижесінің қате екенін және дәлел табылмағанын анықтады. Осылайша қызмет бабын пайдаланып, сенім артылып табысталған қаржыны жымқыру дерегі дәлелденген жоқ.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ