Атырауда никаб киген қызды аяусыз соққыға жыққан азамат қамауға алынды
Видеодан скрин
Атырауда оранған қызды аяусыз соққыға жыққан азамат қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті қазір тергеліп жатыр. Оның мұндай қатігездікке не үшін барғаны әзірге белгісіз.
Осыған дейін ер адамның қызды соққыға жыққанын жазғанбыз. Видеодан екеуінің жеделсаты алдында сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Бір сәтте ер адам қыздың басынан бірнеше рет ұрады. Жерге құлағанына қарамай одан сайын сабап, аяғымен бетінен тебеді. Содан кейін ештеңе болмағандай сыртқа шығып кетеді. Қыз орнынан тұрып, жеделсатыға кіргенде қайтадан жүгіріп келіп, тағы қол көтереді. Айғай-шуды естіген тұрғындардың бірі жәбірленушіні пәтеріне кіргізіп, көмек көрсеткенін екен. Күдікті қызға кім болып келетіні әзірге айтылмады.
Полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсіндірді.
“Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ұрып-соғу бабымен қылмысты іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды”, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің бөлім инспекторы Дина Мақсатова.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
