Атырауда мемлекетаралық іздеуде болған педофилияға күдікті азамат ұсталды
Атыраулық полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген екі күдіктіні ұстады. Оның бірі педофилия жасады деген күдікке ілінген қазақстандық азамат, деп хабарлайды “Мой город" басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, ұсталғандардың бірі 55 жастағы әйел алаяқтық жасады деген айыппен іздеуде болған. Ал екінші азамат кәмелет жасқа толмаған адаммен сексуалды сипаттағы қарым қатынасқа түсті деп айыпталуда.
"Өзбекстанның 28 жастағы азаматы Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі бойынша он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген айыппен іздеуде болды", – деп түсіндірді Нұрхат Оразбаев.
Қазіргі уақытта күдіктілер Атырауда уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның мәліметінше, іздеуде жүрген азаматтар "Мигрант" жедел-алдын алу шарасы кезінде ұсталды.
Талқылау

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
Редакция зерттеуінше, ең көп ақаулар "Qazaq Stroy" құрылыс компаниясынан салынған үйлерден анықталған