Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда көршісімен ұрсысып, балағат сөз айтқан әйел айыппұл арқалады

Атырау облысы Махамбет ауданында ауыл тұрғыны көршісімен ұрсысып қап, оны дөрекі сөздермен балағаттаған. Көршісі оған ренжіп сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Дзен

“Оқиға дүкен жанында болғандықтан, бәрі естіді. Сол себепті мен сотқа бердім”, – дейді зардап шеккен әйел. 

Махамбет аудандық сотында тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралып, ауыл тұрғыны айыпты деп танылды. Ол өз кінәсін мойындап, сотта көршісінен кешірім сұрады. 



“Сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін және зардап шегушінің басқа шағымы болмағанын ескеріп, оған қысқарған тәртіптегі әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыпталушы 51 688 теңге төлеуі қажет”, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда жағалаудағы бөгет ретінде салынған құм қапшықтарын ұрлағандар ұсталды

"18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайықтың жағасында су тасқынына дайындалған бөгеттердегі құм салынған қаптарды ұрлағандар анықталып ұсталды. 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел тұрғын үйді қоршау үшін көлікке қаптарды тиеген", – делінген хабарламада.

Олардың үстінен ұсақ ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау