Атырауда көпбалалы ананы өлтірген жігіт 10 жылға сотталды
Атырауда көпбалалы келіншекті өлтірді деп айыпталған 25 жастағы жігіт 10 жылға темір торға қамалды. Ол қылмысын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Үкімді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған. Тергеу барысында марқұмның денесіне жиналмалы пышақпен 8 жерден ауыр жарақат салынғаны анықталды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Сот үкімін тыңдауға айыпталушының ғана туыстары келді. Жәбірленуші тарап онлайн қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
"Сотталушы жәбірленушінің құқына қасақана қазаға әкелгені толықтай дәлелін тапты. Сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өз еркімен кінәсін мойындап, полиция бөліміне келген және қылмыс қаруын өзі тауып берген. Өзі ұсынған. Қылмыстың ашылуына белсенді атсалысқан", - деді Атырау облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Хамидуллина.
Естеріңізге салайық, қанды оқиға былтыр қараша айының аяғында Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. 35 жастағы "Алтын алқа" иегерін танысы пышақтап кеткен еді. Қылмысты жасай сала ол анасына барып алып берген несиені төлемегені үшін өлтіргенін айтып мойындаған. Ауыр жарақаттан келіншек оқиға орнында қайтыс болды. Қомақты несиені сот сотталушының өзі төлеуін міндеттеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
