Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Ирландия азаматын соққыға жықты

Атыраудағы кафелердің бірінде Ирландия азаматын ұрып кетті. Оқиға қарашаның 16-сы түнде болған, деп хабарлайды Stan.kz

ударить

33 жастағы ирландиялық пен 35 жастағы жергілікті тұрғын (екеуі де мас күйінде) сөзге келіп қалған. Бұл дау артынан төбелеске ұласып, ирландиялық азаматтың таяқ жеуімен аяқталған. 

Кафеге келген қонақтар полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметін шақырған. 
Мойынын жарақаттағанына қарамастан ирландиялық ауруханаға жатудан бас тартып, емделу үшін Дубайға кетті деген ақпарат бар. 

Ал Атырау тұрғынын адам денесіне зақым жасады деген күдікпен құзырлы органдардың қамауға алды. 

Соққыға жығылған ирландиялық Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар Пол Смит есімді азамат екені белгілі болды. 

Талқылау