Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит қауып алды

Атырауда 5 жасар қыздың бетінен ит тістеп алды, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Әсем Байжан оқиға туралы Facebook парақшасында айтып берді. Автор арақат алған баланың видеосын жариялады.

"Бұрын балаларыма қайта-қайта шабуыл жасаған ит бұл! Мен жануарлар құқығын қорғаушылардың әртүрлі топтарына жазбалар жаздым (олар, әрине, балаларымды айыптап, мені кінәлі етті). Бүгін, 2022 жылдың 7 мамыры күні бес жасар жиенім Сафияның бетінен ит тістеп алды. Мен видеоны жарияладым. Бұл 2021 жылдың 22 қарашасында маған шабуыл жасаған ит аяғымды тістегісі келді, бірақ тек шалбарыма тістеп қалды", – деп жазды әйел.

Атырау облысының полиция департаменті мұндай факті тіркелгенін, иттің иесіз екенін хабарлады. Атырау әкімдігі жағдайға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.


Павлодар облысында жоғалған жігіттің туыстары 5 миллион теңге сыйақы ұсынды

Талқылау