Атырау облысындағы полигонда сарбаз қаза тапты

Атырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 наурыз күні Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде далалық жаттығулар кезінде сарбаз қаза тапты.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз оқ жарақатын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға қаруды ұстау ережелерін бұзу салдарынан орын алған.
Сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу алдын ала жүргізілуде", – делінген Атырау гарнизонының хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапқаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"