AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында төрт ауыл карантинге жабылды

Атырау облысында бірден төрт ауыл карантинге жабылды. Мұндай шара қабылдауға Қызылқоға ауданындағы ірі қарадан анықталған инфекция себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

сиыр

Ауданда барлығы 700 бас ірі қара ауырған. Әзірге мал сою, сату немесе аудан аумағынан шығаруға тыйым салынған.

Мал дәрігерлері вирустық диареяның Сағыз ауылынан басталып, 10 күн ішінде көршілес елді мекендерге тарағанын айтады. Қазір Мұқыр мен Жанегелдин ауылдарындағы ірі қара да шетінен ауыра бастаған. 

Мамандар ауру табылған орындарға дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қайта вакциналау басталып, барлығы 20 мың бас ірі қара екпе салынған. 

"Сиырларымыз бірнеше күннен бері тамақ ішпеді. Үнемі диарея. Мал дәрігерлері қарап, екпе салды. Әзірге бақылаудамыз. Сиырлар біздің асыраушыларымыз ғой", - дейді Сағыз ауылының тұрғыны Алтынай Тұржанова. 

"Сынама алып, астанаға жібердік. Диагноз – инфекциялық ринотрахеит пен вирустық диарея. Қайталап вакцина салып жатырмыз. Біз ешкімге малды сату немесе орынын ауыстыру жөнінде анықтама бермейміз", - деді мал дәрігері Клара Сәрсенбаева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр