Атырау облысында шенеуніктер мүгедек жандардан пара алды деп айыпталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтардан пара алып келген деп айыпталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облыстық департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты істі тергеуде.
Аталған тұлғаларға мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алып келді деп айып тағылып отыр.
"Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды", - делінген ведомство мәліметінде.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады