Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында қыз бен жігіт өз-өзіне қол салды

Атырау облысының ауылдарының бірінде жігіт пен қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысында қыз бен жігіт өз-өзіне қол салды

«Махамбет аудандық полиция бөлімінің 102-пультіне Бейбарыс ауылындағы үйдің душынан 1999 жылы туылған жігіттің және 2001 жылы туған қыздың мәйіттері табылды деген хабарлама түсті. Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық істің аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Аймағамбетов.

Ол қылмыстық тергеудің барысы облыс прокурорының бақылауында екенін хабарлады.

Талқылау