Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атырау облысында алты баланы ата-анасынан тартып алған": Журналистер отбасы туралы шындықты анықтады

Атырау облысында көп балалы ата-ана балаларын қайтара алмай дабыл қақты. Отбасының сөзінше, әкелері жұмыста болған кезде қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің өкілдері алты баласын үйден алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап.

Балалардың әкесі Маша, Андрюша, Никита, Юлия және Алинаны кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, Сашаны нәресте үйіне алып кеткенін айтады. Оның сөзінше, әкімдікке барып, көп балалы отбасы мәртебесін алмақ болғанда, қамқоршылық органдары қызығушылық танытқан көрінеді. Отбасыға көмек береміз деп шығарып салған қамқоршылық қызметі, балаларды алып кеткен.

Желіде қамқоршылық қызметінің балалар тұратын үйге келіп, үйдің жағдайын, жартылай жалаңаш балаларды түсіріп алған видеосы тарады. Видеода балалардың анасы “мені біреу өлтіріп кететін сияқты сезімдемін” деп айтқаны да жазылған. Видеодан кейін, балалар арнайы орталықтарға жеткізілді.

Қамқоршылық органдары үйдің жағдайы нашар екенін, тоңазытқыштың болмағанын алға тартқан. Ер адам үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жабдықтарды сатып алса да, балалар отбасына қайтарылмапты.



"Учаскелік полиция қызметкері неке туралы куәлігімізді алып, балалардың 2 ай сонда қалатынын айтты. Ол жерде қанша болатынын білмейміз. Мен жұмыс істеймін, өз үйіміз бар, мен де, әйелім де еш жерде тіркеуде емеспіз. Біз балаларымызды жақсы көреміз", – дейді ер адам. 

Ерлі-зайыптылар Анастасия мен Виктордың жеті баласы бар. Ең үлкені 19-да, соңғысы әлі бір жасқа толмаған.

“Балаларды алып кеткен кезде өзімді ешкімге керексіз сезіндім. Балаларымның шулап жүргеніне үйреніп қалған едім, қазір тым-тырыс. Бұл туралы айтудың өзі қиын. Мен олардың туған әкесімін. Маған балаларымды алып кеткені туралы ешкім ешқандай ақпарат бермеді. Түскі асөа келгенде балаларымды алып кеткенін білдім. Әйелім түні бойы жылады. Бір күннен кейін әйелім балаларға кетті. Олар балаларды батутқа апарамыз деп алдап алып кеткен”, –  дейді көп балалы әкес Виктор Ким. 

Көп балалы әке балаларын көру үшін арнайы орталыққа да барып келген екен. 

“Бұл бір емес, алты баланы ұрлау болып табылады. Балаларды алып кеткен кезде ішуді тоқтатты деп айтыпты. Әйелім де күні-түні ұйықтамайды, қатты уайымдап жүр балаларды. Мен қолымнан келгенше жұмыс істеп, балаларымды бағып жүрген адаммын. Балаларға бардым. Балаларым үйге қайтамыз деп жылап жатыр.”

Ерлі-зайыптылардың балалары баратын мектептің директоры олар отағасының ағасының бір бөлмелі үйінде тұрып келгенін айтады. Оның сөзінше, балалардың анасының психологиялық ауытқуы бар. Түнде анасының ауыруы асқынып, төбелес шығаратын көрінеді. Оған қоса, балаларына да қол көтеріпті. 

“Олардың көршісі Бақыт апа түнде мені оятып, "Кел, әйтпесе анасы үйдегілердің бәрін өлтіреді!" деп көмек сұрайтын. Біз келгенде, балалар қорқып бұрышта отыратын. Ковидке байланысты онлайн оқыту басталғанда, біз жағдайы төмен отбасыларды аралай бастадық. Балалардың суық кезде киімсіз жүргенін бірнеше рет байқағанбыз. Олар еденде жататын. Алайда арнайы компания отбасыға кілем де сыйлаған еді. Ауылды жер болған соң, жиналып кілем де, төсек те алып бердік”, – дейді мектеп директоры Әжғалиева.

Ал қорғаншылық қызметі балаларды негізсіз алып кетпегенін алға тартты. 

“Сотсыз, құжатсыз қорғаншылық ештеңе шешпейді. Балаларды себепсіз алып кету мүмкін емес. Ең алдымен, ана мен әке өз балалары үшін жауапкершілікті толық түсінуі керек. Балаларды ЦАН-ға алып кеткеннен кейін, әкесі ойланып, жақсы жұмыс тауып, ал анасы балаларға қорған болатын шығар”, – дейді психолог Нелли Куликовских.

Алайда желідегі белсенділер балаларды отбасына қайтаруды талап етуде. Олар қамқоршылық органдарының бұл әрекетін дұрыс емес деп есептейді.

“Бұл сұмдық қой. Балалар үшін өте ауыр. Отбасылық ортадан, мемлекеттік мекемеге ауысу оңай емес”, “Мемлекеттен көмек деген осы”, “Байқұс балалар, қазір қандай жағдайда екен”, “Балалар үйге қайтарылсын” десті желідегілер. 

Талқылау