Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында белгісіз дронға ұқсас бөлшектер табылды

Атырау облысында белгісіз дрон табылдыФото: freepik.com

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталған.

"Құзырлы органдармен бірлесе отырып, сыртқы келбеті дрон бөлшектеріне ұқсайтын объектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Объект дала аймағынан табылды. Залал мен зардап шеккендер жоқ. Барлық деректер мен мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада.



Бұл өңірдегі бірінші рет болып отырған жағдай емес. 22 маусымда Қоныртерек ауылы маңында да ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат табылған болатын. Ол кезде облыстық әкімдік оқиға орнына арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Еске салсақ, осыған дейін БҚО-да да үшінші рет белгісіз дрон табылған еді. 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 05 Шілде, 2025 08:43
Талқылау