Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 11 адам із-түссіз жоғалып кетті

8 мамыр күні Атырау облысының Исатай ауданында 11 адам із-түссіз жоғалып кетті. Жоғалғандарды іздестіру шаралары басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пропажа 2022

Іздестіру шаралары Аққыстау ауылынан 160 шақырым жердегі Исатай ауданынан басталды.

"Бүгін, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру қайта жалғасты. "УАЗ" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы 8 мамыр күні сағат 14:00-де "Ақмаңдай" учаскесіне бару үшін жолға шыққан. Бұл учаске аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 160 км қашықтықта орналасқан. Алайда жолға шыққан адамдар осы уақытқа дейін Аққыстау ауылына оралмағаны анықталды", – деп мәлімдеді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.



Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын "ТРЭКОЛ" техникасы тартылған. Іздестіру іс-шарасына Исатай аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері шықты.

Талқылау