Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына қатысты сот үкімі өзгертілді

Атырау облыстық соты №2 қалалық сотының "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты үкімін қайта қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kmg.kz

Еске салсақ, осыған дейін Мұрат Досмұратов кінәлі деп танылғанымен, ҚР қылмыстық кодексінің 71-бабының негізінде қылмыстың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босатылған еді. Бұл ретте одан мемлекет пайдасына келтірілген шығын үшін 2 млрд теңгеге жуық ақша өндірілген.

Судьялар алқасы тараптардың уәждерін тыңдап, істің барлық материалдарын зерделегеннен кейін, бұл іс бойынша ескіру мерзімі аяқталмаған деген қорытындыға келді. Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертіліп, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 6,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.  


Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды


Мұрат Досмұратов 2022 жылдың шілдесінен бастап "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басқарма төрағасы, бас директоры қызметін атқарған. 2024 жылдың көктемінде оның үйқамаққа алынғаны белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Досмұратов 2022-2023 жылдары зауыт қаражатынан жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгені негізсіз бөлген. 

Талқылау