Атамбаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының болашағы туралы айтты
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қорытынды баспасөз-мәслихатында Қазақстанмен қарым-қатынас перспективасына тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткер болған Өмірбек Бабановпен кездесуі Алмазбек Атамбаевтың ашуын туғызған еді, деп хабарлайды Sputnik.
Қазақ-қырғыз шекарасындағы проблемалар 10 қазанда басталған болатын.
“Астанамен жағдай жақсарады, бұл олар үшін де маңызды. Мен дұрыс істедім деп ойлаймын, келесі сайлауда өз пікірін тықпаламайтын болады. Бір жылдары парламент сайлауында Қазақстан ҰҚК қызметкері ақша таратқан кездер де болды. Содан кейін біз оған елге кіруге тыйым салдық», — деп мәлімдеді Қырғызстан президенті.
Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды.
Тағы да оқыңыз:
Тоқаев: Атамбаевтың айтқан кезекті сыны тек екі елдің бірлігіне кесірін тигізуде
Динара мен Тимур Құлыбаевтар Казком акциясын сатып алуға рұқсат алды
Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі жұмыс уақытында банкет жасап, қарамағындағыларға ыдыс жуғызған