Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылбек Боранбаев: Көрерменге драмалық рөлдерім көбірек ұнайды

Асылбек Боранбаев отандық бағдарламалардың бірінде өзі ашқан театрдың жағдайы туралы айтып өтті. Мұнымен қатар, барлық жанрдағы рөлдерді ойнай алатыны үшін өзін бақытты сезінетінін жеткізді. Көрермендердің көпшілігі оған драмалық рөлдің жарасатынын айтады екен. Десе де, бастапқыда әзіл-сықақшыны салмақты рөлдерде қабылдай алмағандары рас.

oikzqxwitke

Фото: Toiday.kz

Бұл туралы «Салмақты сөз» бағдарламасында айтылды.

– Әзіл әлемі мен драма театрындағы өзіңіздің қызметіңізді қатар алып келесіз. 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы орайда, ішіңізде бір қарама-қайшылық туындамады ма?

– Мен барлығына үлгеруге тырыстым, тырысып жүрмін және болашақта тырысып бағамын. Мен драманың да, комедияның да, әзіл-сықақ театрларында да, сатираларда да жүргенім үшін бақыттымын. Мысалы, Қаракөзде Сырымды ойнадым. Қазақтар деген қойылымда Қасым ханды сомдадым. Сол секілді көптеген патшаларды ойнадым. Әрбір әртіс армандаған рөлдерді ойнап шықтым. Одан қиналған жоқпын. Театрда менің өзімнің орнымның бар. Біреу жақсы пікірде болса, екінші біреуі мүлдем ұнатпауы мүмкін. Бар мәселе, менің осы жанрдың барлығын қамтығанымда болып отыр. Өкінішке орай, теарда драманы әдемі ойнайтын актерлер комедиялық жанрға келгенде ақсап жатады. Басында қиналған кездерім болды. «Тамашаның әртісі ғой» деп нұқып көрсеткендер бар. Драмалық қойылымға шыққанымда халықтың ерекше қошемет білдірген кездері де болды. Қазір үйреніп қалды десем де болады.

– Сізге «Әзіл-сықаққа қарағанда драмалық рөлдер жарасады» деген сындар айтылды ма?

– Иә, осы сөз көп айтылады. Әсіресе, әлеуметтік желі арқылы осы туралы жиі хат жазады. «Сіздің жалпы театрда драмалық шығармаларды дұрыс-ау» деп қалады. Кейбіреулер әзілде жүре беруімді алға тартады. Қысқасы көрерменнің пікірі әртүрлі. Жеке өзім театрды жақсы көремін. Әуезов театрында қызмет жасап жүргенім үшін өзімді бақытты актерлердің қатарына қосамын. Сахнасына шығып, үлкен апа-ақсақалдарымызбен иық тіресіп қызмет ету, көрерменге өнерімді сыйлау – керемет дүние. Мұны ешнәрсемен өлшей алмаймын.


Жіберіп алмаңыз:

Татуласқан Тимати мен Киркоров махаббат қаласына аттанып кетті (видео)

Мақпал Жүнісова қыр соңынан қалмай қойған бүлдіршін туралы айтып жұртты күлдірді (видео)

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Қарақатқа деген сезімін білдірген Қыдырәлі көптің жүрегін елжіретті

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Сәуір, 2017 13:52
Талқылау