Асу Алмабаев UFC-дегі үшініші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
Мансабында алғаш рет UFC тұжырымының басты кардында өнер көрсеткен Асу Алмабаев кезекті жеңісіне қол жеткізді. UFC Vegas 93 турнирінде жұдырықтасқан отандасымыз америкалық Хосе Джонсонды (16-8) үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтты. Жекпе-жек барысында отандасымыз бер рет “үшбұрыш” әдісіне түсіп қала жаздады. Дегенмен қауіпті сәттерден оңа сытылып шығып, кездесуді толыққанды өз бақылауында өткізді. Асу жеңісінен кейін рейтингте 4-орында тұрған Кай Кара-Франсты жекпе-жекке шақырды.
Айта кетейік, бұл Асудың шаршы алаңдағы жиырмасыншы жеңісі. Ол соңғы рет 2017 жылы ұтылған. Қазір қатарынан он алты жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.
Талқылау