Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аster Check: 600 мыңнан астам автокөлік тарихы тегін тексерілді

Aster Check 2021 жылдың қарашасында алғаш іске қосылған еді. Міне, содан бері Aster Check-тің арқасында 630 мың жүргізуші қызыққан автокөлігіңнің тарихын біліпті. Естеріңізге сала кетейік, бұл қызметтің көмегімен кез келген автокөліктің тарихын оның мемлекеттік нөмірі, техпаспорт нөмірі және VIN-коды арқылы тегін тексеруге болады.

Астер чек

Айта кететін жәйт, автокөліктердің соңғы кезде шетелден көптеп кіргізілуі бұл қызметтің өзектілігін арттырады. Енді, Aster Check-тің арқасында жүргізушілер қате рәсімделген автокөлік сатып алудан сақтана алады.

Aster Check арқылы алуға болатын ақпарат:

- автокөлікті иелену тарихы: бұрынғы иелерінің саны, тіркеу және тіркеуден шығару хроникасы;

- ауыртпалықтар мен ортақ иеленушілердің бар-жоғы, утилизация алымының төленуі;

- автокөліктің техникалық күйінің сипаттамасы (ол бұрын Aster-де сатылымда немесе тексерісте болған болса, оның қанша жүргенін де білуге болады);

- РФ базалары арқылы заң тұрғысынан тексеріс нәтижесі;

- нарық аналитикасы: автокөліктің соңғы 6 айдағы орташа бағасы.

Астер чек 2

Автокөлік тарихын тексеру үшін aster.kz сайтындағы Aster Check парақшасына қажет ақпаратты енгізіп, “Проверить” батырмасын басу қажет. Сайтқа тіркелгеннен кейін 2 минут ішінде барлық ақпарат жинақталып, қолданушының назарына ұсынылады.

Астер чек 3

Aster Check — отандық өнім, ал оның мақсаты — қазақстандықтарды пайдаланылған автокөлік сатып алу кезінде алданып қалмаудан сақтау. Айта кету керек, Aster Check — көлік құралдары тарихы және оларға қойылған шектеулерге қатысты деректерді ұсыну бойынша ҚР ІІМ сервистік орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқасында пайда болды.

“Министрлікке көлік құралдарының тарихы мен ауыртпалықтарын тексерудің  бірыңғай жүйесін әзірлеу жайында көп ұсыныс түскен болатын. Енді Aster.kz жүйесінің арқасында түрғындар қызыққан автокөлікті тегін тексере алады. Министрлік пен ІІМ бұл жобаға қолдау көрсетіп, техникалық көмек берді”, - деді ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекманов.

Астер чек 4

“Біздің басты мақсатымыз — пайдаланылған автокөлік сатып алу-сату мәмілелерінің ашықтығын арттыратын қызмет әзірлеу”, – деді Aster.kz бас атқарушы директоры Илья Буланов.

Aster.kz-те сатылымда 30 мыңнан астам тексерістен өткен пайдаланылған автокөлік пен Chevrolet, Nissan, Renault және LADA брендтерінің жаңа автокөліктері бар. Пайдаланылған автокөліктердің көбісінің қозғалтқышы мен беріліс қорабына тегін 30 күндік кепілдік беріледі. Сонымен қатар, 1 жылдық кепілдік алу және автокөлікті 7 күн ішінде немесе 1 мың километр жүріп өткенге дейін басқасына айырбастау мүмкіндігі қарастырылған.

Жеке тұлғалар aster.kz сайты мен қосымшасына автокөлік сату жайлы тегін хабарландыру жариялай алады. Оны жылжыту да тегін — хабарландырудың сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары көрсетіледі. Сонымен қатар aster.kz сайты мен қосымшасы арқылы онлайн режимінде несие төлемін санап, мақұлдауға өтінім жіберуге болады. Жауап бірнеше минут ішінде келеді. 

Толық ақпаратты aster.kz сайты мен қосымшасынан ала аласыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 23 Қараша, 2022 07:00
Талқылау