Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық ер адамдар өз директорынан интимді суреттер үшін ақша бопсалаған

Астанада бұрын сотталған ер адамдар ЖШС-ның коммерциялық директорынан интимді суреттер мен видеожазбалар үшін ақша бопсалаған. Аталған суреттер мен видеожазбаларда директор мен оның әйелі түсіп қалған екен, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астаналық ер адамдар өз директорынан интимді суреттер үшін ақша бопсалаған

Қылмыстқы іс материалдары бойынша, сотталушы Т. дизайнер болып жұмыс істеген және жұмыс жасау үшін коммерциялық директорының ноутбугін алған. Ол жұмыс барысында ноутбукке Google Photo бағдарламасын жүктепті. Біраз уақыттан кейін ол смартфон арұқылы қосымшаға кіріп, директоры мен оның әйелі түсіп қалған интимді сипаттағы суреттерді тауып алады.

Мұнан кейін Т. өзінің танысы К-мен қылмыстық келісіп жасасып, коммерциялық директорының электронды поштасына хат жолдаған. Онда дизайнер  алдымен 500 мың теңге талап еткен. Мұнан кейін 700 мың теңге сұрапты. Егер аталған соманы бермейтін болса, файлдарды әлеуметтік желіде және кәсіпорын жұмысшыларына таратып жіберетінін айтып, бопсалаған.

Артынша К. жәбірленушіге қоңырау шалып, сауда үйлерінің бірінің маңында кездесуді ұсынған. Ол жерде Т. жәбірленушіден 700 мың теңге алып, директорға интимді сипаттағы 330 файды және Google Photo қосымшасы орнатылған смартфонды беріпті.

Сотталушылар сотта өз кінәсін толық мойындады. К-ның айтуынша, Т. оған бұл қылмысқа қатысқаны үшін 20 мың теңге беруге уәде беріпті.

Жәбірленушінің сөзінше, ол қылмыскерлерге ақшаны берер алдында, тәртіп сақшыларына жүгінген. Ол полицейлердің бақылауымен ақша бопсалаушылармен кездесіпті. Мұнан кейін полиция қызметкерлері коммерциялық директорға ақшасын қайтарып берді.

Сот Т-ны ҚР ҚК 194-бабы (Бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал істің екінші фигуранты К-ға сот дәл осы бап бойынша 4,5 жыл шартты мерзім кесіп, сот залында қамаудан босатты.

Астана қалалық сотының аппеляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Оқи отырыңыз:

Оралда краннан «адам өмірі үшін қауіпті» су ағатыны туралы хабарлама жұртты шошытты

Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Талқылау