Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел 7-сыныпта оқитын қызына мұғалімнің қырындағанын айтып шағымданды

Астанадағы №58 мектеп-гимназияның 7-сыныбында оқитын қыздың анасы сынып жетекшісінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Оқушылардың айтуынша, сынып жетекшісі ұл оқушылардың бірінің бетінен ұрып, ал бір қызға басқаша көзқарас білдірген.

1666229

Фото: Алексей Мальгавко

Бұл туралы хабарлайды.

Әйел қоғамдық қайреткер Марат Қабылбаевқа жағдайды айтып, бұл туралы әлеуметтік желіде жазғаннан кейін оқиға туралы белгілі бола бастады. Осыдан кейін білім басқармасы да жағдай туралы зерттеуге кіріскен.

Анасының айтуынша, қызы 14 қаңтар күні мектептен жылап, қорқып келген. Қыздың айтуынша, мұғалім оны сабақтан соң алып қалып, қолы мен иығынан сипаған. Қыз ол мұғалімнің басқа қыздарға тиісетінін де растап отыр. Алайда бәрі бұл туралы айтуға қорқады екен.

“Мен қызыма ештеңеден қорықпау керек екенін айттым. Әлгі мұғалімге хабарласып едім, ол тұтқаны көтермеді. Таяқ жеген баланың анасына хабарласып едім, бірақ ол арыз жазудан бас тартты. Сосын мен өзім Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесіне арыз түсірдім. Олар өтінішті қабылдап алғанымен, 25 ақпан күні қылмыс құрамы толық емес деп істі жауып тастады”, – дейді қыздың анасы.

Әйелдің сөзінше, 18 қаңтар күні мектепте не директордың, не психологтың қатысуынсыз жиналыс өткізілген. Ал директордың орынбасары мен мұғалімдердің барлығы әлгі мұғалімді жаппай мақтап, аталмыш оқиғаның түсінбестіктен туындағанын айтысыпты.

“Мен 22 жастағы мұғаліммен сөйлестім. Ол мектепке жұмыс істеуге тек қараша айында ғана келген. Ол басында жылап ештеңе айта алмады. Ал сосын барлық ұстаздар оны жақтап шығып еді, ол басқаша кейіпке ене салды. Менің қызымды құшақтағанын, мұның бәрі махаббаттан туындағанын, өз оқушыларын жақсы көретінін айтып салды. Ол басқа оқушыларға мұндай көзқарас танытпағанын, тіпті бүкіл сынып біліп тұрса да ер баланы ұрмағанын да айтты. Тіпті жала жапты деп мені де айыптамақшы болды”, – дейді әйел.

Қазір ата-аналар да мұғалімнің жағына шығып кетіпті.

“Менің қызым бұл гимназияда бірінші сыныптан бастап оқиды, оған ұнайды. Балалармен қарым-қатынасы жақсы, мұнда оның достары бар. Жиналыстан соң әрине ашуландым, бірақ оны ешқайда ауыстырғым келмейді. Ол мұғалім әрі қарай жұмысын жалғастырған күннің өзінде кешірім сұрап, түсініп, ұстаздық қызметтің қаншалықты жауапкершілікке толы екенін түсінсе деймін. Қорқынышты жағдай орын алатындай болса балалар айтуға қорықпауы тиіс. Ең қауіпті нәрсе боламын дегенше алдын алу керек”, – дейді әйел.

Ол осы жағдайды әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін мұғалімнің әпкесі әйелге хабарласып, інісі үшін кешірім сұраған. Осыдан кейін мұғалім де хабарласып, бұған дейін хабарласуға уақытым болмады деп ақталыпты.

Оқи отырыңыз:

Егіз қызға үйленген егіз жігіттер жұбайларын айыра алмай қалды

Шымкенттік ақсақал: Күйеуінің халін ойлаған әйелдер оған тоқал әперуі керек

Ақтөбе облысында кенже ұлы мен келінінен қорлық көрген анасы әкімнен араша сұрады

Науқас емханада екі дәрігер әйелді есінен танғанша аяусыз сабап тастады (видео)

Талқылау