Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық тұрғын алиментті жабу үшін бұрынғы әйеліне жер учаскесін берген

Нұр-Сұлтанда алимент төлейтін борышкер бұрынғы әйеліне қарыз орнына жалпы ауданы 10 сотық жер учаскесін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Учаске Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан. Ер адам балаларына үш миллион теңгеден астам (шамамен 7 000 доллар) қарыз болған, деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы бойынша жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының баспасөз қызметі.



"Сот орындаушысы борышкермен жұмыс барысында алимент орнына өз жер телімін беруге ниет білдірді. Рәсімнен кейін бұрынғы жұбайы алименттерді одан әрі өндіріп алудан бас тартты", - деді палата басшысының Нұр-сұлтан қаласы бойынша орынбасары Мәдина Жанасаева.

Балалардың анасы алимент өндіріп алумен айналысқан сот орындаушысына алғыс айтты.

Талқылау