Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алимент төлемеген азамат Алматы орталығындағы элиталы пәтерінен айырылды

Алматыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың Абай даңғылындағы пәтері тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жалақының және өзге де табыстың барлық түрлерінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде алименттерді ай сайын өндіріп алу туралы атқару құжатын берген.

Азаматтың баласы алдындағы жалпы қарызы 2 323 066 теңгені құраған кезде жылжымайтын мүлік сатылды.

"Сатып алу-сату шартына сәйкес тыйым салынған жылжымайтын мүлік 20 484 149 теңгеге сатылды. Төлем тапсырмасына сәйкес алимент бойынша берешек өндіріп алушыға 2 323 066 теңге аударылды", - деді қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда алимент төлемегені үшін ер адамнан 2020 жылғы Toyota Land Cruiser Prado көлігі тәркіленгені хабарланған. 

Талқылау