Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық сот экс-күйеуі үйлену тойына сыйға тартқан әшекей бұйымдарын алып кеткісі келген әйелдің жағына шықты

Астана тұрғыны туыстары сыйға тартқан ақша мен зергерлік бұйымдарды әйелінің жымқырғанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Астана сотының мәліметінше, ер адам той кезінде достары мен туыстары әйеліне 5 миллион теңге, гауһар тасты әшекей бұйымдары мен құны 1 миллион теңге тұратын неке жүзігін тарту еткенін айтып, мүлікті бөлу туралы арыз түсірген. 



Дегенмен әйелі бұл талапты мойындамады. Іс материалдарын зерделеп, тараптардың уәждерін тыңдаған сот ер адамның мәлімдеген талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

"Істі қарау барысында, сотталушының 5 миллион теңгені сыйға алу фактісі дәлелденбеді. Сондай-ақ зергерлік бұйымдардың келінге бұрын берілгені анықталды. Бұл ақша қалыңдықтың жеке меншігі, сондықтан оны бөлуге болмайды", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ сот "Неке және отбасы” туралы Кодекстің 35-бабына (Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiн олардың бiрлескен ортақ мүлкi деп тану) сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке мүлкі саналатынын ескертті:

  • некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк; 
  • ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi.

Айта кетейік, бұған дейін Астана тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің сенімін пайдаланып, үйінде болған кезде құны 200 мың теңге тұратын “Pandora" білезігін ұрлап кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау