Астаналық әйел төбелесіп қалған екі ер адамға араша түсіп, екеуін ажыратқан
Видеодан скриншот
Астанада екі жүргізуші төбелесіп, кейін екеуін ажыратуға әйелдің араласқан видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы Пушкин және Кравцов көшелерінің бір бөлігінде жүргізушілер арасында төбелес болды. Екі ер адам сөзге келіп қалған. Бірі мотоцикл дулығасын киіп алғанын және жақын жерде мопедтің жолда жатқанын көруге болады.
Төбелесті көрген әйелдің жолдың қарсы бетінен жүгіріп өтіп, болып жатқан оқиғаға араласып үлгерген. Осыдан кейін басқалары да кірісіп, ажырата бастады. Желі қолданушылары әйелдің батыл әрекетін атап өтті.
"Әйел жақсы екен, жүгіріп, ажыратып жатыр, қалғандары қарап отыр", "Міне, ер адамдар көлікте отырып, қарап отыр, әйел жүгіріп, оларды ажыратып жатыр", "Мәссаған, әйел ажыратады, ал еркектер камераға түсіріп жатыр", – деп жазды желі қолданушылары.
Астана қаласы Байқоңыр ауданының полицейлері жағдайға түсініктеме берді.
"Оқиға бойынша құқықбұзушылардың жеке басы анықталып, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді", – деп хабарлады полицейлер.
Еске салсақ, Алакөлде демалушылар балалардың көзінше жаппай төбелес шығарған еді.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
