Астанадағы лифтте шабуылға ұшыраған бала қайтадан ауруханаға жатқызылмақ
Астанада лифтте шабуылдан зардап шеккен баланы қайта оңалту үшін ауруханаға жатқызу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот
Астана денсаулық сақтау басқармасы сәуір айында бала Ұлттық балаларды оңалту орталығына қабылданады.
Баланың көршісі, хирург Жандос Ахнаев алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Оның айтуынша, балада бет жүйке жүйесінің өзгерістері болған. Ол сол жақ көзін толық жаба алмайды. Мұрын-ерін үшбұрышы тегістелген, ауыз бұрышы төмен түскен.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. Кейіннен осы жасөспірімнің лифтте тағы бір қызға шабуыл жасамақ болғаны анықталды. Астана полициясы шабуыл жасаған жасөспірімнің оқшауланатынын хабарлады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген