Астанадағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру қалай өтті
Фото: akorda.kz
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әскери шеруді құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.
Фото: akorda.kz
Әуелі мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы мемлекеттік туды және жеңіс туын алаңға алып келді. Жеңіс туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі екені айтылған.
Фото: akorda.kz
Кейін президент Тоқаев құттықтау сөзін сөйледі.
Ақорданың баспасөз қызметі Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру майдангерлердің ерлігіне тағзым етуді, Қазақстан әскерінің бүгінгі күш-айбынын көрсетуді көздейтінін атап өтті.
Фото: akorda.kz
Шеруге қарулы күштердің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.
Фото: akorda.kz
Алғаш рет механикаландырылған колонналардың қатарына "Бук", "Тор" зенитті-зымыран кешендері, "Барыс", "Алан", "Айбар", "Таймас", "Террекс" дөңгелекті ұрыс көліктері, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер қосылып отыр.
Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары да таныстырылған.
Әуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтті.
Фото: akorda.kz
Шеру соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге қатысқан әскери қолбасшылармен суретке түсті.
Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы әскери шеруді терезеден тамашаламақ болған тұрғынға дронмен ескерту жасалғаны туралы жазған едік.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
