Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені түгелімен сүріледі

Астанада заңсыз салынған "Көктөбе" тұрғын үй кешені сүріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Астанада құрылысы рұқсатсыз жүргізілген "Көктөбе" тұрғын үй кешені бұзылып жатыр. Тұрғын үй кешені Алматы облысында, Ш.Қалдаяқова мен К.Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Құрылыс салушы "Global Millennium" ЖШС қадаларды қағып, іргетас шұңқырын қазып, іргетасын құйып, 1-қабатты тұрғызды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін құрылыс салушы келісім шарт талаптарын орындамай, нысанды өз бетінше салуға кіріскен.

"Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап (тиісті жобалық-сметалық құжаттамасыз) және 319-бап (тиісті жер учаскесіне тиісті құқығынсыз өндірістік және тұрғын үй объектілерін заңсыз салу), 321-баптың 1-бөлігі (техникалық қамтамасыз етусіз құрылыс және құрылыс салу), әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 463-баптың 1-бөлігі бойынша  ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды", - делінген ақпаратта.

Бас мердігер "DBK-Engineering" ЖШС-не қатысты Кодекстің 313-бабының 2-бөлігімен (осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, беріктігін, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жеке құрылымдық элементтердің тұрақтылығын жоғалтуға әкеп соққан әрекеттерді жасау) бойынша хаттама толтырылды.

Талқылау