Астанада үшем дүниеге келді
Астанада үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Нәрестелердің есімдері - Ай-сұлтан, Самира, Сания. Қуанышқа кенелген ата-ана бірден көпбалалы жанұя қатарына қосылды.
Үшемнің анасы Әсел Шонтаеваның қуанышында шек жоқ. Үш баласы бар ана бірден көпбалалы жанұялар қатарына қосылды. Нәрестелердің есімін атасы қойыпты.
“Көңіл-күйім жақсы, денсаулығымда жақсарды. Мед персоналдарға шексіз рақметім. Балалрымды аман есен дүниеге алып келгеніме өте қуаныштымын”, – деді үшемнің анасы Әсел Шонтаева.
Сәбилердің салмағы екі килограммнан асады. Бойы – 47-50 сантиметр. Нәрестелер шала туылған. Дәрігерлер ана мен балалардың денсаулығын бақылауда ұстады. Қазір бәрі қалыпты.
Елордада туу көрсеткіші жақсарып келеді. Соңғы жылдардағы көрсеткіш тіпті жоғары. Жыл басынан бері елордада 7 мыңнан астам сәби дүниеге келген.