Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тұратын Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген пәтерлерін әлі күтіп жүр

Рио Олимпиадасының бокстан алтын және күміс медаль иегерлері Данияр Елеусінов пен Василий Левит, сондай-ақ қыздар арасындағы еркін күрестен “күміс” жүлдегер Гюзель Манюрова әкімдік уәде еткен пәтерлері туралы айтып берді.

bfaf8d619a4a157adf4f3a4638b74464

Фото: bnews.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Данияр Елеусіновтың ойынша, мемлекет уәде еткен іс аяғына дейін жетеді. Сондықтан, ол қала әкімдігіне алғыс айтты. Қазір Елеусіновтің отбасы қай ауданда тұрсақ екен деп, таңдап жүр екен.

Ал, Гюзель Манюрова 2016 жылдың аяғына дейін жаңа үйге қоныстанармын деген үмітін жеткізді.

“Үй мәселесі шешіліп жатыр, сондықтан, Жаңа жылға қарай қоныс тойын атап өтетін шығармыз. Біз Гейдар Әлиев көшесіндегі бокс орталығында, боксшылармен бірге жаттығамыз. Ал бұл Милан кварталына, Ақбұлақ шағын ауданына жақын жер. Әкім бізге жаттығуға жақын, тұруға ыңғайлы ауданнан үй беремін деп уәде еткен”,-деді ол.

Ал, Василий Левиттің айтуынша, бұл сұрақты әкімдіктің өзіне қойса, дұрыс болады.

“Бұл сұраққа не деп жауап беретінімді білмеймін. Үй мәселесін әкімдіктен сұраса, жөн болар”,-дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 24 тамыз күні Олимпиада жүлдегерлерін Астана әуежайында қарсы алған Әсет Исекешев осы үш азаматқа Toyota Land Cruiser Prado көліктерінің кілтін сыйлап, пәтер беруге деп уәде еткен еді.

Оқи отырыңыз:

Көкпарда тартылатын серкені не нәрсемен алмастырды (видео)

Айсұлтан Назарбаев Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізгісі келеді

Головкин Астанадағы екі пәтерін сатпақшы

Аршавин жылқы еті мен қазыны жақсы көріп жейтінін, бірақ бешбармақты ұнатпайтынын айтты

Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты

Талқылау