Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты

Желі қолданушылар арасында Тищеноконың қазақстандықтар туралы айтқан жағымсыз пікірі қызу талқыланып жатыр. Бұған қатысты Евгений Тищенконың өзі пікір білдірді.

247396

«Бұл пікір жарияланбауы керек еді. Бұл қандай да бір жасырын камераға түсірілген», – дейді Тищенко.

Спортшының айтуынша, ол Риодан келісімен өзі жөнінде жазылған жағымсыз пікірлерден мезі болған.

«Шындығында мен бұл ұлтқа ешқандай қарысылығым жоқ. Тек олардың тарапынан айтылатын сын пікірлерге өкпем бар. Әріп қателерімен жазылыған пікірлер, бейәдеп сөздерді оқығаннан мезі болдым», – дейді Тищенко.

Спортшы оған әдейі қастандық жасалғанын, таспаның эфирден тыс түсірілгенін айтады.

«Бәрінен кешірім сұраймын. Өзгелер тарапынан айтылатын жағымсыз пікірлерді есту оңай емес. Төрешінің шешімін мен қабылдаған жоқпын», – дейді ол.

Бұған дейін Нұртас Адамбайдың осыған байланысты Тищенконы «шовинист» деп атағанын хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуі жанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

 

 

Талқылау