Астанада тағы да бес бала тірідей жанып кете жаздады

Астанада жалдамалы жұмыстан бас көтермейтін отанасы түнгі уақытта жұмыста болған. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінің асханасында істейді екен. Ал, отағасы жұмыс іздеп кеткен. Осы кезде жер кепеде өрт шыққан.

Пәтер кезегін сарыла күтіп, жалдамалы баспананың тауқыметін тартып жүрген отбасының жағдайы жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тар жеркепенің ішінде қазір 7 адам бірге өмір сүріп жатыр. Оның бесеуі бала. Ал, Астанада жақында өртеніп қайтыс болған 5 қыздың оқиғасынан кейін мына үйдің ішінде де дәл сондай қайғылы оқиға орын ала жаздаған. Мына жерде тұрған ағаштан жасалған үстел оттың қызуынан тұтанып жана бастаған. Ал, бұл кезде үйдің іші қою, қара түтінге толған. Бұны балалар байқамаған. Ал, отағасы абырой болғанда уақытында келіп балалардың өмірін аман алып қалыпты”.

Ормановтар отбасы мына аядай жерде бес баласымен бірге 10 жыл бойы тұрып келеді. “Екі қолға бір күрек” деген жұптың арманы мөлдіреген бүлдіршіндерді жеткізу. Сол үшін қолдарынан келгенше қаражат тауып, “балаларды аш қалдырмасақ”- дейді. Өстіп жүргенде, қапыда құлыншақтардан қол үзіп қала жаздады.

Оқиға кешкі 9-дар шамасында болған. Алыс жолдан келген отағасы бөлменің ішін қаулаған түтінді көріп, жанұшыра балаларды сыртқа шығарыпты. Бұл уақытта көпбалалы ана жұмыста болған.

“Жұмыс істемеуге лажым жоқ, басымызда несие, күйеуім жұмыссыз жүр “- деп мұңаяды.

“Кеше 5 бала жанып кетті. Сол сияқты біздің де үйіміз жанып кетейін деді.Мен жұмыста болдым. Папасы жол жүріп келген. Келіп, өшіріп далаға шкафтарды шығарып тастадым дейді”, – дейді көпбалалы ана Ақнұр Орманова.

Айы оңынан туып, уақытында перзенттерін құтқарып қалған әкенің қуанышында шек жоқ. Алайда, аз ақшаны қайда жеткізуді білмей өмір сүруден әбден шаршадық дейді. Ал, қоғам белсенділерінің пікірінше, ана түсінігі еліміздегі ең құрметті есімге әлі айналмай келеді. Баспана бірінші берілуі керек, сондай-ақ әлеуметтік көмектен де аналарды құр қол қалдырмау керек дейді.

“Бүкіл жағдайды жасау керек үкімет. Құдайға шүкір біздің кейбіреулер айтады ана бюджетіміз жетпейді, анаған керек мынаған керек. Жамап жатамыз деп. Мен ойлаймын қомақты қаржы жай шашылып жатыр өкінішке орай. Бізде де, Астананың өзінде, облыстарда. Сондықтан, мәселе бюджетте дұрыстап жоспарлауда”, – дейді қоғам белсендісі Арман Шораев.

Көпбалалы аналар үшін жасалатын жағдай баспана алудағы жеңілдіктен басталуы тиіс.Ол үшін “мемлекеттік жеңіл баспана бағдарламаларының санын арттыру керек”- дейді қоғам жанашырлары. Ал, биліктегілер “көп перзенттілердің алдындағы парыз өтеледі, алдағы уақытта қабылдаған шешімімізді айтамыз” -деп отыр.

“Үкіметтің жанынан жұмыс тобы құрылды. Елбасының тапсырмасымен, сол топ екі аптаның ішінде ұсыныстардың барлығын жасап, көп балалы аналар, көп балалы жанұялар бойынша сол ұсыныстар қабылданатын болады. Екі аптадан кейін ол жарияланатын болады”, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары. Нұржан Әлтаев.

Елімізде, Ақнұр сияқты баласының қамын ойлап, кедейліктен көз жасы құрғаған аналар жетерлік. Олардың арманы бір – баспана…Сондықтан, “үкіметке мұңымызды айтып, көмек сұраудан басқа амалымыз жоқ” дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген
Çàãðóçêà...