Астанада тағы бір такси жүргізушісі көлік ішінде өз-өзін қанағаттандырған
Фото: Видео кадрларынан скрин
Астанада такси жүргізушісі орынсыз әрекетімен көзге түсті. Оның көлік ішінде өз-өзін қанағаттандырған (мастурбация жасаған) видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ShockNewsKz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгердің айтуынша, оқиға Қараменде би Шақаұлы 3 мекенжайында болған. Тұрғын такси жүргізушісінің бұл әрекетін үйдің балконынан түсіріп алған. Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жолаушыларды түсіріп, көліктің ішінде өз-өзін қанағаттандырған.
Оқиғаға байланысты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
-
"Тиіспе!": Қазақстан қалаларында қоғамдық көліктердегі жыныстық харассментке қарсы акция басталды
-
Қарағанды емханасында келушілердің көзінше өз-өзін қанағаттандырған ер адам 15 тәулікке қамалды
"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушының жеке басын анықтау үшін бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шаралар қабылданады", – деп хабарлады полиция.
Еске салсақ, бұған дейін астаналық 19 жастағы бойжеткен такси жүргізушісінің тарапынан сексуалдық қысым көргенін жеткізген еді. Ол көлік ішінде мастурбация жасаған.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
